Ғылыми жобаны іске асыру шеңберінде Талғар өзені алабында далалық зерттеуFarabi University

Ғылыми жобаны іске асыру шеңберінде Талғар өзені алабында далалық зерттеу

30 қыркүйек, 2025

2025 жылы AP27511595 «Іле Алатауының шығыс бөлігіндегі мореналық-мұздық көлдердің тасқынға қауіптілігін мониторингтеу және бағалау үшін өңірлік геоақпараттық жүйені әзірлеу» ғылыми жобасын іске асыру аясында селдік үдерістерді модельдеу үшін жоғары дәлдікті деректерді алу мақсатында Талғар өзені алабында кешенді далалық зерттеулер жүргізілді.

Негізгі жұмыстарға өзен арнасын жерүсті зерттеу және ортофотожоспар құру үшін аэрофототүсірілім жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану кірді. Алынған материалдар негізінде жоғары ажыратымдылықтағы цифрлық рельеф моделі (ЦРМ) жасалады, ол 2025 жылғы зерттеу кезеңінің негізгі нәтижесі болып саналады.

ЦРМ құру сел қаупін бағалау, сондай-ақ мореналық көлдің жарылу ықтималды сценарийлерін және сел ағысының Талғар өзенінің арнасы бойымен қозғалысын модельдеу үшін қажет. Алынған модельді пайдалану сел ағысының таралуын егжей-тегжейлі визуализациялауға, ықтимал әсер ету аймақтарын анықтауға және табиғи мен антропогендік нысандарға төнетін қауіп ауқымын бағалауға мүмкіндік береді.

Осылайша, жүргізілген зерттеулер Талғар өзені алабындағы селдік үдерістерді болжау және олардың қауіпті салдарын азайту жөніндегі шараларды әзірлеу үшін ғылыми негіз қалыптастырады.