«Жүсіп Баласағұнидың түркі әлемі мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

27 ақпан, 2016

Қараханидтер дәуірінің ұлы ойшылы, ақын, ғалым Жүсіп Баласағұни Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұд Қашғари сияқты ойшыл ғалымдар қатарынан орын алады.

Жүсіп Баласағұни ХІ ғасырда Қараханидтер қағандығының астанасы Баласағұн қаласында өмір сүрген, үздіксіз шығармашылықпен айналысқан, көзі тірісінде «Хас Хажип» атағына ие болған. Оның түркі тілінде жазылған басты еңбектерінің бірі «Құтадғұ білік» орта ғасыр дәуіріндегі жауһар туындылардың бірі болып есептеледі.

Халықаралық ТҮРКСОЙ мәдени орталығының шешімі бойынша 2016 жыл «Жүсіп Баласағұни жылы» деп аталды. Конференцияға ұсынылатын тақырыптар – ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнидың ғұмырбаяны, шығармашылығын жан-жақты баяндауға арналу керек.

Конференцияға Жүсіп Баласағұнидың шығармашылығымен айналысатын отандық және шет елдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар, сондай-ақ студенттер шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, түрік, ағылшын, орыс тілдері.

 

Талқылауға ұсынылатын бағыттар:

  1. Жүсіп Баласағұнидың жеке тұлға ретінде танылған еңбектері
  2. Ортағасырлық түркі тілдері дамуында Жүсіп Баласағұнидың рөлі
  3. Әлем әдебиетінде Жүсіп Баласағұнидың поэзиясының ерекшелігі
  4. Жүсіп Баласағұнидың пәлсапалық концепциясы
  5. Жүсіп Баласағұнидың тарихи мұралары
  6. Жүсіп Баласағұнидың әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесі
  7. «Құдатғу білік» («Құтты білік») – Қараханидтер дәуіріндегі жауһар ескерткіш

 

Конференцияға қатысушылар 2016 жыл 1 наурызға дейін өтінішті толтырып, 2016 жыл 31 мартқа дейін ұйымдастыру комитетіне жинақ шығару үшін жолдаулары тиіс.

Өткізілетін орны: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби көшесі, КазҰУ-дың кітапханасы.

Тіркеу 2016 жылғы 12 сәуірде сағат 9.00-да өткізіледі.

Жауапты хатшылар: Ғабдуллин К., Қортабаева Г., Ешметова Б., Есімбекова Н.

Байланыс телефоны: 8 (727) 243 89 26 каб. 431

Конференцияны ұйымдастырушылар:

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасы.