
29 қыргүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің 17-ші жатақханасында А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы қазақ филологиясы мамандығының 1 курс 104-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында іс-шара өтті. Басқосуда жеке қаржыны басқару, оны сауатты жоспарлау, шығындарды тиімді жарату және қаржылық қиындықтардан шығу жолдары талқыланды. Студенттер қаржылық тәртіп, яғни өз бюджетіңді басқара білу, дұрыс шешімдер қабылдау туралы маңызды ой түйді.