ТМД-1 “Кедейлікті жою”Farabi University

ТМД-1 “Кедейлікті жою”

1 қазан, 2025

2025 жылы 1 қазанда  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Тұрақты Дамудың Мақсаты ТМД-01 “Кедейлікті жою” тақырыбында іс-шара өткізді.

Бұл іс-шараға заң факультетінің 202 тобы, эдвайзер, заң ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Алуа Саламатовна және заң ғылымдарының докторы Баймаханова Дина Мұратовна қатысты.

Ұйымдастырушылар – 202 топ студенттері Жанаев Ансар және Шамшенов Азамат.

Кедейлікті жою және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мәселесін көтере отырып, студенттер Байкен мешітімен бірлесе Айгерім есімді бес балалы ананың отбасына барды. Отбасында асыраушысы жоқ, ал балалардың барлығы кәмелетке толмаған. Анасы баспанасыз, жалдамалы үйде тұрады.

Іс-шара барысында студенттер қажетті азық-түліктерді отбасы мүшелеріне табыстап, балалармен тіл табысып, бала құқығын қорғау мәселесіне назар аударды. Профессор Ибраева Алуа Саламатовна сөз сөйлеп, анаға жылы тілектерін білдіріп, өз атынан сыйлық табыс етті.

Біздің мақсатымыз – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету! Әлеуметтік әділетсіздікті жою мәселесі қоғамның тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Бұл үдерістегі студенттердің рөлі ерекше.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы