ҚазҰУ суперкомпьютері құқық саласында қолданыладыFarabi University

ҚазҰУ суперкомпьютері құқық саласында қолданылады

2 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков арнайы келіп, оқу ордасының ғылыми инфрақұрылымымен танысты.

Сапар барысында құрметті қонақ суперкомпьютер орталығына барып, жоғары технологиялық құрылғыны  прокуратура органдарымен бірлесіп пайдалану мүмкіндігін қарастырды. Университет базасындағы суперкомпьютер Орталық Азиядағы ең қуатты есептеу құрылғыларының бірі саналады.

Аталған құрылғы бүкіл Қазақстан ғалымдарына деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеуге, мемлекеттік органдардың түрлі жағдайларын модельдеуге көмектеседі. Яғни күрделі есептер мен процестерді шешіп, мамандардың жұмысын жеделдетеді.

Суперкомпьютердің тиімділігін пайдалану мақсатында алдағы уақытта ҚазҰУ мен Алматы қаласы прокуратурасы бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Кейін Алматы қаласының прокуроры Серік Ақмырзаұлы жаңадан ашылған «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робот орталығына, сондай-ақ Farabi HUB орталығына барып, ғалымдардың ғылыми жобаларымен танысты.

Сонымен қатар қала прокуроры мен білім ордасының басшылығы ҚазҰУ-да жүзеге асырылып жатқан «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасын талқылады. Бұл бастама студенттерге прокуратура органдарының қызметімен жақын танысуға, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұған қосымша құқық саласындағы білікті мамандарды бірлесіп даярлауға жол ашады. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі