- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Қалауша Әділханұлы Бегалиевтің атына аудитория ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор Қалауша Әділханұлы Бегалиевтің атына аудитория ашылды
Бүгін заң ғылымына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Қалауша Әділханұлы Бегалиевтің еңбегі құрметтелді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті, Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы қабырғасында белгілі құқықтанушының аты берілген аудитория салтанатты түрде ашылды.
Қызыл лентаны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсенов және Қазақстан криминологиялық қауымдастығының Құрметті президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Иванович Рогов қиып, аудиторияның ашылуына ресми түрде куә болды.
Іс-шараға еліміздің танымал заңгерлері, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ құқық саласының беделді ғалымдары мен ардагерлері қатысты.
Сондай-ақ шара аясында Гезелл айнасы (зерттеу мен криминалистикалық бақылауға арналған арнайы құрылғы) таныстырылып, оның оқу және ғылыми үдерістегі қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Басқа жаңалықтар


