“Қазақстан Республикасындағы Ювеналды әділет” көшбасшылық дәріс

5.10 қазан күні Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы Ж.С. Сапарбекова мен 301, 109 - топ студентеррінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы ювеналды әділет» тақырыбында маңызды көшбасшылық дәріс өтті. Дәріс оқуға Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Жексибаева Айгерім Мелдібекқызы арнайы шақыртылды.
Дәріс барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, ювеналды соттардың рөлі, және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Спикер дәріс барысында:
- Ювеналды әділет жүйесінің құрылымы мен мақсаттарын;
- Құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтердің өзара іс-қимылын;
- Қазақстанда іске асырылып жатқан тиімді тәжірибелер мен халықаралық стандарттарды баяндап өтті.
Дәріс тыңдаушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосты.
Дәріс өткізудің мақсаты қазіргі таңдағы жастардың арасындағы құқық бузышылық әрекет және қылмыстардың алдын алу.
Осындай іс-шаралар – болашақ заңгерлер мен көшбасшылар үшін маңызды тәжірибе алаңы!
Басқа жаңалықтар


