"Қызыл орамалды шынарым" қойылымынан алған әсер

2025 жылғы 4 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, «6В03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері куратор-эдвайзері Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Серғазы Құдайбергеновтың жетекшілігімен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Қызыл орамалды шынарым» атты әсерлі драмалық қойылымды тамашалады.
Бұл мәдени іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыру, қазақ театры өнері мен мәдениетінің терең мазмұнын сезінуге баулу, ұлттық рух пен өнерге құрмет сезімін арттыру болды.
Қойылым барысында студенттер қазақ жастарының махаббат, ар-ождан және адамгершілік құндылықтары төңірегіндегі тағдырлы оқиғаларға куә болып, өнер арқылы жеткізілген өмір шындығын терең ұғынды. Театр атмосферасы жас мәдениеттанушыларға шығармашылық шабыт беріп, олардың кәсіби көзқарастарын кеңейтті.
Іс-шара соңында студенттер мен оқытушылар қойылымнан алған әсерлерімен бөлісіп, қазақ театр өнерінің қоғамдағы тәрбиелік және мәдени рөлі жайында пікір алмасты.
Басқа жаңалықтар

