1 курс «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері психологиялық тренингке қатыстыFarabi University

1 курс «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері психологиялық тренингке қатысты

4 қазан, 2025

3 қазан күні сағат 10:00-де әл-Фараби кітапханасының №416 акт залында студенттерге арналған «Сенің өмірің – Сенің таңдауың» атты психологиялық тренингі өтті.

Тренингті психология және психотерапия саласының жетекші мамандары өткізді. Орталық Азия және Қазақстан психоанализ қауымдастығының психоаналитигі, профессор, жоғары санатты психиатр және психотерапевт Ассимова Тамара Аубакировна, психолог Нұрпейісова Салтанат Юсуфқызы.

Бұл шара студенттерге жеке таңдау мен өз өміріне жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ кәсіби және жеке өмірде үйлесімді әрі табысты болуға қажетті құнды дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.

Іс-шараға «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзерлік тобының 1 курс студенттері, эдвайзер Аппакова Г.Н., кафедра меңгерушісі Сартова Р.Б., және аға куратор Кукиев А.Д. қатысты.