Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды жастары
ҚазҰУ колледжі базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның интеллектуалды жастары» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияның негізгі мақсаты - ғылымды терең зерттеуге қызығушылық танытатын оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу және ғылыми-тәжірибелік қызметпен белсенді түрде айналысатын жастарды қолдау және дамыту.
Коференцияға Алматы қаласы және Алматы облысы колледждерінен 90 білім алушы қатысуға тапсырыс берді. Аталған іс-шараға Алматы қаласының колледждер Қауымдастығының өкілдері, Алматы қаласының білім басқармасы мен колледждің басшылары шақырылды.
Пленарлық мәжілісте жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Жаппасов Ж.Е., бейіндік мектеп директоры Алпысбаева Д.И, сонымен қатар колледждің әкімшілігінен оқу-әдістемелік жұмысының орынбасары Аппақова М.Н. сөз сөйлеп, қатысушыларды қарсы алды.
Конференция жұмысы 4 бағытта секциялық мәжілістерге бөлініп жүргізілді.
Секция 1. Құқықтану: Әділет және құқық қорғау жүйесі жаңа реформаларды жасаудың бастамашысы ретінде.
Секция 2. Экономика: Өсудің жаңа моделі және Тәуелсіз Қазақстанның дамуы.
Секция 3. Лингвистика. Тілдерді білу – бүгінгі заманның талабы.
Секция 4.Жалпы білім беретін пәндер: Жан-жақты дамыған және интеллектуалды жастар – жаңа қоғамның моделін жүзеге асырушы.
Барлық жұмыстар алдын ала комиссия мүшелерімен қаралып, төмендегі талаптар бойынша сұрыпталды: тақырыптың өзекті болуы, жаңалығы, тақырып мазмұнының ашылуы, өз көзқарасының, қорытындысының болуы, т.б. Секция жұмысында ғылыми пікірталас, диалог болғанын айта кеткен жөн. Баяндамалар тыңдалғаннан кейін, жүлделі орындар белгіленіп, грамота мен дипломдармен, сондай-ақ жүлделі орындарға ие болған оқу орындарының басшылары алғыс хаттармен марапатталды. Аталған тағылымы мол танымдық іс-шарадан қатысушылар ерекше әсер алды.
Конференцияның ұйымдастырушылары қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдіреді. Біз қазіргі жастардың ғылым мен білімге, өзінің болашақ мамандығына қызығушылық білдіретініне қуаныштымыз.
Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға білім мен ғылымда шығармашылық табыстар тілейміз!