«Шәкірт жүрегіндегі ұстаз бейнесі».Farabi University

«Шәкірт жүрегіндегі ұстаз бейнесі».

1 қазан, 2025

1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай, 2025 жылдың 1 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Тарих” факультетінің «6В03205 - Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен  «Шәкірт жүрегіндегі ұстаз бейнесі» тақырыбында  кураторлық сағат өткізілді.   

Іс-шараның мақсаты: Ұстаздар қауымының қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын, шәкірт өміріндегі орнын ұғындыру, студенттердің ұстаздарға деген құрмет сезімін арттырып, еңбегін бағалау.

Өткізілген іс-шарада дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Асанова Баян Сүлейменқызы 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күннің мәні мен маңызын түсіндірді. Аталған білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Давлат Латипаның ұстаздың шәкірт өміріндегі жол сілтеуші, бағыт беруші тұлға, ұстаз мәртебесіне арналған  баяндамасы  тыңдалып, студенттер өздерінің мектеп қабырғасы тұсындағы білім берген ұстаздары туралы жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Өткізілген іс-шара – шәкірттің ұстазға деген шынайы құрмет көрсетуінің жарқын көрінісі болды.