- Басты бет
- Асханалар желісі
- ТДМ №4: ҚазҰУ студенттеріне арналған тегін тамақтану талондары таратылуда
ТДМ №4: ҚазҰУ студенттеріне арналған тегін тамақтану талондары таратылуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2025–2026 оқу жылы бойынша студенттерге арналған әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырыла бастады. Аталған бастама аясында университетте әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ оқуда озат әрі қоғамдық жұмыстарда белсенді студенттерге тегін бір реттік тамақтану талондары берілді.
Бұл игі бастама университеттің әлеуметтік қолдау жүйесін нығайтып, студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.
ҚазҰУ қалашығында студенттердің күнделікті тұрмысына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылған. Университет аумағында қолжетімді бағада сапалы тағам мен сусындар ұсынатын асханалар мен кофеханалар желісі, сондай-ақ шағын дүкендер тұрақты түрде жұмыс істейді.
ҚазҰУ алдағы уақытта да студенттерге арналған әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтіп, жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасай бермек.
Басқа жаңалықтар

.jpeg)