"Мен – Әкіммін" тақырыбында интеллектуалды викторинаFarabi University

"Мен – Әкіммін" тақырыбында интеллектуалды викторина

8 қазан, 2025

2025 жылғы 7 қазанда 1 курс ГиМУ мамандығының студенттерімен "Мен – Әкіммін" тақырыбында интеллектуалды викторина өткізілді. Іс-шараның мақсаты – болашақ мемлекеттік қызметкерлердің білімін шыңдап, олардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту болды. Викторина барысында студенттер Қазақстан Республикасының әкімшілік құрылымы, мемлекеттік басқару жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқару саласына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар белсенділік танытып, топпен жұмыс істеу, уақытты тиімді пайдалану дағдыларын көрсетті.