IP телефония және NGN тораптары бойынша таныстыру сабағы. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №9 — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатымен үйлеседі.Farabi University

IP телефония және NGN тораптары бойынша таныстыру сабағы. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №9 — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатымен үйлеседі.

8 қазан, 2025

Сабақ Электроника және астрофизика кафедрасының телекоммуникациялық зертханасында өтті. Студенттер жаңа буындағы желілердің (Next Generation Network, NGN) архитектурасымен және олардың жұмыс істеу қағидаларымен танысты. Бұл желілер дауыстық, бейне және деректерді біріктіріп, бірыңғай инфрақұрылымда қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Сабақ барысында студенттер IP телефонияның негізгі компоненттерімен танысып, SIP және RTP хаттамаларының жұмыс істеу принциптерін, VoIP шлюздерінің баптау тәсілдерін үйренді. Оқытушының жетекшілігімен олар IP-АТС жүйесін орнатып, абоненттерді тіркеу, желілік пакеттерді талдау және байланыс сапасын тексеру тәжірибесін орындады.

Зертханалық жұмыс студенттердің заманауи байланыс жүйелерін түсінуіне, техникалық дағдыларын жетілдіруіне және инновациялық ойлау қабілетін дамытуына ықпал етті.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №9 — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатымен үйлеседі. Бұл мақсат инновациялық технологияларды дамыту, тұрақты инфрақұрылым құру және инклюзивті индустрияландыруды ілгерілетуге бағытталған.