Корея ЖОО-ларымен ортақ жобалар іске асадыFarabi University

Корея ЖОО-ларымен ортақ жобалар іске асады

8 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Ха Тэ Укпен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру мен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, студенттер алмасу бағдарламасы бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Бұған қосымша ҚазҰУ мен Кореяның жетекші оқу орындары арасындағы байланысты арттыру, ортақ семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру келісілді.

Жансейіт Түймебаев құрметті қонаққа оқу ордасының жетістіктері туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарымен бөлісті. Сондай-ақ өз сөзінде ректор ҚазҰУ Кореяның ЖОО-ларымен әріптестік қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді.

Өз кезегінде Ха Тэ Ук жүздесуде айтылған барлық ұсыныстар мен бастамаларды қолдайтынын айтты.

Келіссөзден соң құрметті консул ҚазҰУ студенттерімен кездесіп, көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі