Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 3-курс студенттеріне арналған «Мүгедектігі бар адамдарға заманауи көзқарастар» тақырыбындағы инклюзивті ортаға еріктілерді даярлау семинары өткізілді.Farabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 3-курс студенттеріне арналған «Мүгедектігі бар адамдарға заманауи көзқарастар» тақырыбындағы инклюзивті ортаға еріктілерді даярлау семинары өткізілді.

9 қазан, 2025

Аталған семинарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі, «ITeachMe» қоғамдық қорының директоры Бегалиева Захира Оңғарбайқызы жүргізді.
Іс-шара барысында мүгедектіктің негізгі түрлері, қарым-қатынас этикасы және инклюзивті орта құрудың өзекті мәселелері талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушы: Мухаметжан А.Е.