- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының докторанты ҚХР Ғылым және технология министрлігінен сертификат алды
Қытайтану кафедрасының докторанты ҚХР Ғылым және технология министрлігінен сертификат алды

Қытайтану кафедрасының докторанты Пак Раиса Леонидовна 2025 жылғы 14 шілдеден 1 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Шэньси ғылым және технология университетінде өткен «Интернет+ индустриялық маркетинг» бағдарламасы бойынша цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі үш апталық жазғы тағылымдамадан өтті.
Оқыту нәтижелері бойынша Пак Р.Л. ҚХР Ғылым және технология министрлігімен берілген бағдарламаны аяқтағаны туралы сертификатқа ие болды.
Тағылымдама аясында қатысушылар жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, электрондық коммерцияны, интернет-маркетингті және цифрлық экономиканы дамытуға байланысты өзекті тақырыптарды зерделеді. Бағдарлама заманауи технологиялар мен білім беру саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін кеңейтуге және озық тәжірибе алмасуға бағытталған болатын.
Басқа жаңалықтар

