Әлемдік психикалық денсаулық күні
10 қазан, 2025

10 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде психикалық әл-ауқат пен психологиялық денсаулықты сақтау тақырыбында семинар өтті.💬
✨ БҰҰ бастамасы аясында өз-өзіңе қамқор болу – әлсіздік емес, керісінше күш екенін және оқу мен өмірде ішкі тепе-теңдікті қалай сақтауға болатынын талқыладық.
🎙 Шақырылған сарапшы: психолог Тұрлықожа Темірлан Бекетұлы
👩🏫 Ұйымдастырушы: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Дарханова С.Д.
💚 Іс-шараның мақсаты – психикалық денсаулықтың маңыздылығын арттыру, өз-өзіңе қамқор болу мәдениетін дамыту және қолайлы оқу ортасын қалыптастыру.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы
Басқа жаңалықтар
24 ақпан, 2026