.jpeg)
Отбасы – қоғамның өзегі, адамзат баласының ең алғашқы мектебі. Экономика мамандығының 3 курс студенттері «Отбасы – қоғамның тірегі» тақырыбында пікірталас өткізді. Іс-шара барысында студенттерге отбасының адам өміріндегі маңызы, ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы кеңінен айтылды. Отбасы – сүйіспеншілік пен сыйластықтың, жауапкершілік пен адамгершіліктің негізі екені атап өтілді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 3-міндеті – Денсаулық пен амандық, 5-міндеті – Гендерлік теңдік, 16-міндеті – Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар бағыттарымен ұштасады. Шараның негізгі мақсаты – жастарға отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сыйластық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.
Басқа жаңалықтар

14 қазан, 2025

14 қазан, 2025

13 қазан, 2025