Студенттермен тимбилдингFarabi University

Студенттермен тимбилдинг

28 қыркүйек, 2025

«Тұрақты даму және әл ауқат», «Тұрақты қалалар және елді мекендер» сынды ТДМ-3, ТДМ-11 мақсаттарына сәйкес  «Экономика» кафедрасының студенттері мен оқытушы-кураторлары факультеттік іс-шараға қатысып табиғат аясында тимбилдинг жасап келді.  

Осы жобалардың негізінде студенттер Бутаковка шатқалына шығып, салауатты өмір салтын айшықтай түсті. Студенттердің физикалық белсенділікке деген қызығушылықтары артып, табиғат аясында денсаулықты нығайту жолдары айқындалды. Тауға көтерілу арқылы қатысушылар дене төзімділігін шыңдап, топпен бірге жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.

Іс-шара барысында студенттерге физикалық белсенділіктің денсаулыққа тигізетін пайдасы және табиғатпен тығыз байланыста болу және қалалардың тұрақты дамуының маңыздылығы түсіндірілді.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының оқытушы-кураторлары: Кулиев И.У., Тураров Д.Р., Иляшова Г.К.