Экономика кафедрасының кәсіби бағдар беру іс-шарасы
10 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмысы аясында №173 мектеп-лицейінің 10 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға ҚазҰУ-дың тарихы, Экономика және бизнес жоғары мектебінің құрылымы мен білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, экономика саласындағы мамандықтардың еңбек нарығындағы маңызы, заманауи трендтері және кәсіби даму мүмкіндіктері талқыланды.
Шараның мақсаты – мектеп оқушылары арасында экономикалық білімнің маңыздылығын арттыру, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Басқа жаңалықтар

14 қазан, 2025

14 қазан, 2025

13 қазан, 2025