Динараның дара жолыFarabi University

Динараның дара жолы

13 қазан, 2025

 

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ерекше кездесу өтті. Факультет түлегі, еліміздің ең танымал журналистерінің бірі, тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан студенттермен кездесіп, шабыт пен мотивацияға толы шеберлік сағатын өткізді.
Журналист болу — жай ғана мамандық емес, бұл — жүрек таңдауы. Нағыз журналист ешқашан шындықты іздеуден шаршамайды— деді Динара Сәтжан толғамды сөзінде. Өзінің талғамымен, сұлулығымен, кәсіби деңгейімен көпке үлгі болған Динара Сәтжан студенттермен тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, өмірлік ұстаным, еңбекқорлық пен табандылықтың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жаңадан жабдықталған Марат Барманқұлов атындағы телестудияның алғашқы қонақтарының бірі болып, жылы лебізін білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі. Бұл күн – болашақ журналистер үшін есте қаларлық, рух сыйлаған ерекше сәт болды.
Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан факультет ұстаздары мен белсенділеріне үлкен алғыс!

Амангелді Хадиджа, Халықаралық журналистика мамандығының 4-курс студенті