«Көкжиектегі» кезекті оқырмандар конференциясы
«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс жүз кітап» жобасы аясында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасындағы «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клуб №17 студенттер үйінде белгілі қаламгер Таласбек Әсемқұловтың «ТАЛТҮС» романы бойынша оқырмандар конференциясын өткізді.
Клубтың ғылыми жетекшісі, доцент Л.Ж.Мұсалы қаламгер және оның шығармашылығы жөнінде кіріспе сөз айтты. Клуб төрағасы Ж.Жұмағұлов «Талтүс» романының идеялық-көркемдік тұрғыдан ерекше туынды екенін айта келіп, ортаға түрлі сұрақтар тастады. Клуб мүшелері Е. Дүйсенов, А.Кенжеқожаева, Ф.Искендирова, Ж.Әбдразақ, Н.Әмзе, Ж.Жұмағұлов Ж Н.Мырзабек, Ж. Сман роман жөнінде өзіндік пікірлерін білдіріп, өзара пікір алмасты. Романнан үзінділер де оқылды. Романның өн бойындағы қазақы ұлттық бояулар, күй табиғаты туралы толғаныстар оқырманды ерекше баурайтынына да баса назар аудырылды.
«Көкжиектегі» кезекті оқырмандар конференциясы болашақ әдебиетшілер үшін пайдалы болды.