Жоғары кәсібилік пен белсенділік үлгісі. ТДМ 8Farabi University

Жоғары кәсібилік пен белсенділік үлгісі. ТДМ 8

10 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Парасат» кәсіподағы Қазақстан кәсіподақтары күніне орай Амренова Әсем Уахитовна университет өміріне белсене қатысып, қоғамдық жұмыстарға атсалысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл марапат – оның кәсіби шеберлігінің, жауапкершілігінің және ұжымдық рухты нығайту жолындағы еңбегінің айқын көрінісі.
Әсем Уахитовнаның табандылығы мен бастамашылдығы жас мамандар мен әріптестеріне үлгі болып табылады.

Жетістігіңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!