Университетте қаржылық сауаттылық бойынша семинар-кездесу өтті

Университетімізде студенттердің қатысуымен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілдерімен “Қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздіктің негіздері” тақырыбында семинар-кездесу өтті.
Іс-шара барысында мамандар қаржылық мәдениетті қалыптастыру, алаяқтықтың алдын алу және жеке қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Кездесу жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және экономикалық қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталды.
Жалпы және бейорганикалық химия
кафедрасының доценті Ниязбаева А.И.
Басқа жаңалықтар


