Шығыстану факультетінің диссертациялық кеңесінің төрағасы докторанттармен кездесу өткіздіFarabi University

Шығыстану факультетінің диссертациялық кеңесінің төрағасы докторанттармен кездесу өткізді

15 қазан, 2025

Шығыстану факультетінде диссертациялық кеңестің төрағасы докторанттармен кездесу өткізді. Кездесу барысында төраға докторанттарға қойылатын негізгі талаптар мен докторлық диссертацияны дайындау және қорғау тәртібі туралы жан-жақты түсіндірме берді.

Кездесуде диссертациялық жұмысты рәсімдеу, алдын ала талқылау мен қорғау рәсімі, сондай-ақ докторанттардың ғылыми басылымдардағы мақалаларына қойылатын талаптар мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толық әрі нақты жауаптар алды.