- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы өкілдерімен студенттердің кездесуі
Алматы қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы өкілдерімен студенттердің кездесуі
2025 жылғы 15 қазанда Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы ТМД елдерінің №15 орнықты даму мақсаты — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында Алматы қаласы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (ЖҚАЖ) өкілдерімен студенттердің кездесуін өткізді.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы түсінігін кеңейту және теория мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайту болды.
Кездесу барысында ЖҚАЖ қызметкерлері жұмысқа қабылдау тәртібі, қызметтің ерекшеліктері мен кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, арнайы жасақтың қару-жарақтары мен арнайы жабдықтары таныстырылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызметтегі мамандармен еркін сұхбаттасып, арнайы жасаққа жұмысқа орналасуға қатысты практикалық кеңестер алды.
Іс-шара нәтижесінде студенттердің құқық қорғау саласына, әсіресе арнайы жасақ құрамында қызмет етуге деген қызығушылығы айтарлықтай артты.
Басқа жаңалықтар