Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары: қазіргі жағдайы мен болашағыFarabi University

Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары: қазіргі жағдайы мен болашағы

15 қазан, 2025

ТДМ-ның  1-ші «Кедейлікті жою», 4-ші «Сапалы білім беру», 8-ші «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», 10-шы «Теңсіздікті азайту», 11-ші  «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» және 17-ші «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» мақсаттары шеңберінде 2025-ші жылдың 14 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы «Қазақстанның тұрақты даму мақсаттары: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің зерттеуші-ғалымдарымен біріге отырып Республикалық ғылыми семинар өткізді.

Республикалық ғылыми семинарды Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., доцент м.а. Ермекова Ж.Ж. құттықтау сөзді ашты. Ғылыми семинарда «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а. Даулиева Г.Р., э.ғ.д., профессор Тулегенова М.С., э.ғ.к., ассистент-профессоры Ережепова А.А., э.ғ.к., доцент Байтанаева Б.А., PhD Иляшова Г.К.,  Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Исаева Б.К., PhD, доцент Хойч Айжан, PhD, доцент м.а. Төлепов Ә.Е., С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Экономика, менеджмент және қаржы» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессор Ордабаева М.А. ғылыми баяндамалар жасады.

Республикалық ғылыми семинарда Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуы қарастырылды, соның ішінде адами капиталының дамуы және өмір сүру сапасы сынды мәселелр көтеріліп, қызу талқыланды. Ғылыми семинар өте қызықты және әр тараптарға пайдалы өтті.

Ұйымдастырушы: «Экономика» кафедрасы