Жоғары білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері талқыландыFarabi University

Жоғары білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері талқыланды

16 қазан, 2025

ТДМ-ның  4-ші «Сапалы білім беру» және 17-ші «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» мақсаттары шеңберінде 2025-ші жылдың 15 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Бухара мемлекеттік техникалық университетінің «Метрология и стандарттау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Таиров Бахтёр Бабакулович және білім сапасын бақылау бөлімінің басшысы п.ғ.к., доцент Гаффоров Алишер Холмуродовичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жоғары білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері, оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды. Сондай-ақ, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.