- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашақ жақын: жылуфизика және техникалық физика кафедрасының студенттері Қазақстанның жетекші компанияларын талқылады
Болашақ жақын: жылуфизика және техникалық физика кафедрасының студенттері Қазақстанның жетекші компанияларын талқылады
Болашақ жақын: жылуфизика және техникалық физика кафедрасының студенттері Қазақстанның жетекші компанияларын талқылады
«Мен кім боламын? Мен қайда қажетпін?» — дәл осы сұрақтардан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Термофизика және техникалық физика» кафедрасының 4 курс студенттерінің кездесуі басталды. 2025 жылғы 13 қазанда өткен ашық диалогта болашақ инженерлер мен физиктер энергетика, машина жасау және ғылым саласында елдің даму бағытын айқындайтын «Самұрық-Энерго», «Қазатомпром», «KEGOC», «ERG», «KazMunayGas» секілді жетекші компанияларды талқылады.
Кездесуде жас мамандардың қазіргі еңбек нарығындағы сұранысы, жасыл энергетика мен цифрландыру бағыттары, сондай-ақ инженерлерге қажетті негізгі құзыреттер сөз болды.
Бұл кездесу БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге өз үлесін қосады:
-
ТДМ 4 — Сапалы білім беру: студенттердің кәсіби және инженерлік қабілеттерін дамыту;
-
ТДМ 7 — Қолжетімді және таза энергия: жасыл энергетика мен инновацияларды талқылау;
-
ТДМ 8 — Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: техникалық мамандықтардың тартымдылығын арттыру.
📍 Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы – ғылымға жылу, болашаққа сеніммен.
Таженова М. С., Максутханова А. М.