- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Студенттер үйіндегі экологиялық өмір салты: энергия мен ресурстарды үнемдеу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті
«Студенттер үйіндегі экологиялық өмір салты: энергия мен ресурстарды үнемдеу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті
 
                Тұрақты даму мақсатының 12 бағыты – өндіру мен тұтынудағы жауапкершілік аясында студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру және тұрмыста жауапты тұтынушы мәдениетін қалыптастыру мақсатымен Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы «Студенттер үйіндегі экологиялық өмір салты: энергия мен ресурстарды үнемдеу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара университеттің №14 Студенттер үйінде ұйымдастырылып, студенттерге экологиялық өмір салтының маңызы, энергия мен суды үнемдеу тәсілдері, тұрмыстық қалдықтарды азайту мен қайта пайдалану жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді.
Дөңгелек үстел барысында Студенттер үйінің тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Жастар экологиялық әдеттерді күнделікті өмірде қолданудың маңызын талқылап, экологиялық жауапкершілікті нығайтуға үн қосты.
 
         
                                 
                                