- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қонақ дәріс: «Тәңіртау – Алтай аралығы: ерте темір дәуіріндегі мәдени ландшафт және өзара әрекеттесу»
Қонақ дәріс: «Тәңіртау – Алтай аралығы: ерте темір дәуіріндегі мәдени ландшафт және өзара әрекеттесу»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің археология, этнология және музейтану кафедрасы Қытай Халық Республикасынан келген белгілі зерттеуші, PhD, Батыс-солтүстік университетінің профессоры, Жібек жолы зерттеу орталығының жетекші ғалымы Шай Хүй Чю қонақ дәрісін өткізеді.
Күні: 24 қазан 2025 жыл
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, 4-1 дәрісхана (У. Х. Шәлекенов атындағы этнография музейі)
Тәңіртау және Алтай таулы аймақтары шығыс пен батыс дала мәдениеттері арасындағы алмасудың маңызды орталықтары болды. Тәңіртау аймағы мен Алтай аймағының ерте темір дәуіріндегі мәдениеттер құрылымы талқыланады, сонымен қатар біздің дәуірімізге дейінгі I мыңж. Шыңжаң аймағының мәдениет жағдайына ерекше назар аударылады. Осы негізде ерте көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы және пазырық мәдениетінің шығу тегі мәселелері талқыланады.
Басқа жаңалықтар


