Электрондық ғылым дамытыладыFarabi University

Электрондық ғылым дамытылады

17 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов Қытай электрондық ғылым және технологиялар университеті ректорының орынбасары Ло Гуанчуньмен кездесті.

Жүздесуде тараптар серіктестікті арттыру, ортақ ғылыми жобаларды іске асыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мәселесін талқылады. Сондай-ақ инновациялық технологиялар мен цифрлық трансформация саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктері де қарастырылды.

Еркін Дүйсенов құрметті қонаққа оқу ордасының қызметі мен  жетістіктерін таныстырды. Өз сөзінде проректор ҚазҰУ-дың Қытай ЖОО-ларымен ынтымақтастығы күн санап дамып келе жатқанын айтты.

Өз кезегінде Ло Гуанчунь Электрондық ғылым және технологиялар университеті ҚазҰУ-мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде ғалымдар алмасуға, қос ЖОО базасындағы зертханалардың әлеуетін пайдалануға ниетті екенін жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі