«Температураға төзімді интродуценттер» тақырыбында ашық сабақ өтті
.jpeg)
2025 жылдың 15 қазан күні сағат 09:00–10:50 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасында «Өсімдіктер интродукциясы» пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақты PhD, қауымдастырылған профессор, зерттеуші-доцент Нурмаханова Ақмарал Садыковна өткізді.
Сабаққа 6В05102 – Биология білім беру бағдарламасының 4 курс, қазақ бөлімі студенттері қатысты.
Ашық сабақтың тақырыбы – «Температураға төзімді интродуценттер».
Сабақтың мақсаты – температуралық стресс жағдайындағы өсімдік интродуценттердің бейімделу механизмдерін түсіндіру, студенттердің экологиялық және физиологиялық тұрғыда талдау, бағалау дағдыларын дамыту, сондай-ақ интродукциялық жұмыстарда температура факторларының маңызын көрсету болды.
Сабақ барысында оқытушы интродуценттердің температураға төзімді түрлерін, олардың экологиялық бейімделу ерекшеліктерін ғылыми негізде түсіндіріп өтті.
Теориялық материал тәжірибелік тапсырмалармен ұштастырылып, студенттер әртүрлі өсімдік түрлерінің температураға төзімділігін салыстырмалы талдау әдісімен бағалады.
Сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттер белсенді қатысып, сұрақ-жауап және пікірталас арқылы өз ойларын ортаға салды.
Сабақ соңында қатысушылар рефлексия жасап, негізгі ұғымдар бойынша қорытынды шығарды.
Ашық сабақ жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, инновациялық оқыту тәсілдері мен практикалық бағыттағы әдістер тиімді қолданылды.
Кафедра әріптестері мен факультет әкімшілігі сабақтың мазмұны мен студенттердің белсенділігін жоғары бағалады.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар


