Біз үшін үлкен қуаныш.

9 наурыз, 2016

Мен Халықаралық құқық кафедрасында жұмыс істеймін. Күн сайын ұжымымды көріп, бір қуанып қаламын. Себебі мен біраз жылдардан бері білімді, мейірімді, адал ұжыммен қызметтес болып келемін. Біздің, яғни әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық университеті халық­аралық қатынастар факультеті заман талаптарына сай мамандар дайындап, қазақ халықаралық құ­қық ғылымын дамытуда орасан зор қызмет атқаруда. Оның құрамында профессорлар мен докторлар, кандидаттар мен Ph.D докторлары да бар. Бакалаврлар, магистрлер мен Ph.D докторларын дайындайтын кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оқулықтар мен монографиялар, оқу-әдістемелік құрал­дар шығарып, ғылыми жобаларға қатысып, өз біліктіліктерін Қазақ­стан Республикасы мен одан тыс елдерде ұдайы арттыруда. Көпте­ген шетелдік жоғары оқу орнымен тығыз қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуда. Ка­федра оқы­ту­шылары бұрын Қа­зақстанда оқытылмаған жаңа оқу пәндерін дайындап, оқу үрдісіне енгізді. Олар­дың ішінде «Еуропалық құқық», «ТМД құқығы», «Халық­аралық жария құқық теориясының негіздері» (С.Ж.Айдарбаев), «Ха­лық­­аралық жеке құқық теориясының негіздері», «Халықаралық азаматтық процесс» (Г.Б.Іспаева), және т.б. атап өтуге болады. Біз Кәрімжан Шәкіров, Сағынғали Айдарбаев секілді ағаларымызды мақтан тұтамыз. Және бұл кісілерден үйренеріміз көп. Халықаралық құқық бөлімінде студенттер білім ала отырып, ТМД елдері мен алыс шет елдерде мо­йындалатын толыққанды жоғары бі­лімге, екіншіден, ұлттық және халық­аралық заңнамаларда еркін бағдар алуға, үшіншіден, шет тілін меңге­ру­ге, төртіншіден, сот және заң саласында іс жүргізу жұмыстарын білуге, сонымен қатар, мамандықты аяқта­ған­нан кейін ғылыми жұмыспен айналысуға және т.б. мүмкіндіктер алады. Олардың бойында заң­гер­дің де, дипломаттың да қа­сиеттері ұштасады. Бүгінгі таңда халықаралық құ­қық кафедрасы еліміздің және шетелдің жоғарғы оқу орындарымен, халықаралық ұйымдар, ассоциациялар және комитеттермен тығыз байланыста болып, білікті­ліктерін арттыруда. Және шәкірт­терін тәжірибелермен қатар жұмыс орындарымен де қамтып отыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Жайлау Жанат, Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының доценті, Алматы қаласы.

Адрес: http://zhasalash.kz/makataev-22/16795.html

Автор: Жайлау Жанат

Дата публикации: 03.03.2016 00:00