Республика күніне арналған үстел теннисі турнирі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жылуфизика және техникалық физика кафедрасы Республика күніне орай жаратылыстану бағытындағы алты факультет студенттері арасында үстел теннисінен турнир өткізді.
Іс-шара студенттер деканы Ләззат Бегжанқызының және факультет белсенділерінің қолдауымен өтті.
Жеңімпаздар:
🥇 1 орын – Нұрымбетов Нұржан (Физика-техникалық факультет)
🥈 2 орын – Hasibullah Badghisi (Ақпараттық технологиялар факультеті)
🥉 3 орын – Камшатов Даир (Механика-математика факультеті)
Іс-шараның ұйымдастырылуына және демеушілік көмегі үшін Болегенова С.А., Жақыпов Ә.С., Болегенова С.А.,Таженова М.С. және Максутханова А.М. ұстаздарға алғыс білдіреміз.
«Парасат» кәсіподағының қолдауымен бұған дейін алынған үстел теннисі үстелі факультеттің спорттық дәстүрлерін нығайтуға мүмкіндік берді.
Мұндай бастамалар ҚазҰУ құндылықтарын айқындап, ТДМ №3 «Денсаулық пен амандық» және №4 «Сапалы білім» мақсаттарына жетуге үлес қосады.