Бұхара мемлекеттік техникалық университетінің өкілдерімен кездесуFarabi University

Бұхара мемлекеттік техникалық университетінің өкілдерімен кездесу

14 қазан, 2025

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетіне Бұхара мемлекеттік техникалық университетінен әріптестер келді:
🔹 техникалық ғылымдар кандидаты, доцент, «Метрология және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі Таиров Бахтёр Бабақұлович,
🔹 білім сапасын бақылау бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғаффоров Алишер Холмұрадович.

Кездесуге физика-техникалық факультеттің деканы, профессор Н. Ә. Бейсен және кафедра оқытушылары қатысты.

Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту мәселелері талқыланды.
2025 жылы екі университеттің серіктестігінде «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» қос дипломды магистратура бағдарламасы ашылды. Биыл бұл бағдарламаға 45 магистрант қабылданды.

Айта кетерлігі, кездесу Дүниежүзілік стандарттау күнімен тұспа-тұс келді — бұл сапа, қауіпсіздік және тұрақтылық қағидаттарын дамытып жүрген мамандарды біріктіретін күн.
Факультеттің стандарттау мен сертификаттау бағытындағы жұмысы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді, атап айтқанда:

  • ТДМ № 4 – «Сапалы білім беру»;

  • ТДМ № 9 – «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым»;

  • ТДМ № 12 – «Жауапты тұтыну мен өндіру».