Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде «Нашақорлыққа қарсы жастар» атты танымдық кездесу өтті.
Іс-шараны жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары – Тәженова Маржан Сұлтанқызы мен Мақсұтханова Ардақ Мақсұтханқызы ұйымдастырды.
Кездесу барысында студенттер есірткі заттарының зияны мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын талқылады.
Шараның мақсаты – жастардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Бұл іс-шара БҰҰ-ның 3-мақсатына – «Денсаулық пен амандықты қамтамасыз етуге» сәйкес келеді.