Tañdauym – STEM саласындағы мансапқа алғашқы сенімді қадам
16 қазан, 2025
Біздің факультеттің студент қыздары Coca-Cola және Еуразия қоры ұйымдастырған Tañdauym жобасы аясындағы кездесуге белсенді қатысты! 🌟
Бұл бағдарлама – Алматы қаласындағы инженерлік және техникалық мамандықтарда оқитын студент қыздарға арналған стипендиялық жоба.
Қатысушыларға тәжірибелі мамандардан наставничілік, Coca-Cola İçecek Kazakhstan компаниясында тағылымдама, 250 000 теңге көлеміндегі білім гранттары, сондай-ақ тренингтер мен стади-визиттер ұсынылады.
Tañdauym бағдарламасы қыздардың STEM саласына деген қызығушылығын арттырып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының № 4 – Сапалы білім және № 5 – Гендерлік теңдік) жүзеге асуына үлес қосады.
Біздің студенттер өздерінің сенімді қадамдарын STEM әлемінде бастап кетті!