Республика күні – халқымыздың тәуелсіздікке қол жеткізген тарихи сәтін еске түсіретін ұлық мерекеFarabi University

Республика күні – халқымыздың тәуелсіздікке қол жеткізген тарихи сәтін еске түсіретін ұлық мереке

20 қазан, 2025

2025 жылдың 20-шы қазанында биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының «6В05105 Генетика» мамандығының 4 курс студенттері мен осы топтың куратор-эдвайзері Жунусбаева Жазира Кабуловнаның ұйымдастыруымен  «Республика күні – халқымыздың тәуелсіздікке қол жеткізген тарихи сәтін еске түсіретін ұлық мереке» атты кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің ел тарихына, тәуелсіздік құндылықтарына деген құрметін арттыру және ұлттық сана-сезімді қалыптастыру болды. Кураторлық сағат барысында студенттер Республика күні туралы деректермен бөлісіп, еліміздің егемендік жылдарындағы жетістіктері жайлы баяндама жасады.