Физика-техникалық факультетінде Республика күніне арналған іс-шаралар
18 қазан, 2025
25 қазан – Республика күніне орай 15–25 қазан аралығында Физика-техникалық факультетінде бірқатар тәрбиелік және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының ұйымдастыруымен факультет студенттері мен оқытушылары арасында спорттық сайыстар, соның ішінде футбол жарысы өткізілді. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты арттыруға бағытталды.
Шараны Абдиева Ш.А., Игибаев Ж.Б. және Амренова А.У. ұйымдастырды.
Бұл белсенді шаралар студенттердің патриоттық сезімін оятып, ел тәуелсіздігі мен бірлігінің маңыздылығын ұғындыруға мүмкіндік берді.