ТДМ № 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік»Farabi University

ТДМ № 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік»

14 қазан, 2025

Банк омбудсмені, заң ғылымдарының докторы Нүрпейісов Дархан мырзамен кездесу.

2025 жылдың 14 қазанында ТДМ (17) «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Қазақстан Республикасының банк омбудсмені, заң ғылымдарының докторы Нүрпейісов Дархан мырза студенттермен кездесу өткізді.

Іс-шараға мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Кездесу барысында Нүрпейісов Дархан мырза өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, банк саласындағы құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін талқылады және студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, ол заң факультетінің студенттеріне сұхбат беріп, банк омбудсмені институтының маңызы мен құқықтық мемлекетті дамытудағы құқықтық білімнің рөлі туралы әңгімеледі.

Нүрпейісов Дархан мырза мазмұнды әрі қызықты кездесу үшін және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетімен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз! 

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы