Экономика кафедрасы – Ұлттық киімдер апталығын қолдайды!Farabi University

Экономика кафедрасы – Ұлттық киімдер апталығын қолдайды!

21 қазан, 2025

Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына орай факультетте бастау алған «Ұлттық киімдегі оқытушы-профессорлар және студенттер челленджіне» Экономика кафедрасы белсене қатысып жатыр.

Ұлттық киім – халқымыздың рухы мен болмысын айшықтайтын ерекше мұра. Камзол, шапан, кимешек, зерлі әшекейлер – ата-бабамыздан қалған мәдени қазына.

Кафедра ұжымы мен студенттері ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мерекелік, рухани және көтеріңкі көңіл күй қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

Осындай бастамалар арқылы бірлік пен рухты нығайтып, ұлттық мерекені лайықты атап өтуде.