«Уақытты басқару және өнімділікті арттыру»
2025 жылдың 17 қазанында сағат 16:00–16:50 уақытында Экономика факультеті ЭЖБ2Г аудиториясында «Уақытты басқару және өнімділікті арттыру» тақырыбында кураторлық-эдвайзерлік сағат өткізілді.
Іс-шараны Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Дайрабекова Гулсима Курбанбековна «6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 4-курс студенттерімен ұйымдастырды.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерге уақытты тиімді жоспарлаудың маңызын түсіндіру, жеке өнімділікті арттыру жолдарын көрсету және өз уақытына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға тайм-менеджмент ұғымы, мақсат қою мен басымдықты анықтаудың әдістері, сондай-ақ күнделікті істерді тиімді ұйымдастыру тәсілдері туралы кең көлемде мәлімет берілді. Студенттер өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісіп, уақытты тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттырды. Мұндай кездесулер болашақ мамандардың жеке және кәсіби тұрғыда дамуына зор ықпал етеді.