Қытай елінде танымал қазақ жазушысы ҚазҰУ-де қонақта
ЦУР – 17. Кеше журналистика факультетіне Қытай еліне танымал жазушы, Қытай Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, Қытай «Жазушылар» журналының Бас редакторы, Бейжің қаласының және бүкіл Қытайдың саяси кеңесінің мүшесі, Қытай «жазушы» баспасының құрылтайшысы Акпар Мәжит мырза қонаққа келді.
Факультет басшысы Қанат Әуесбайұлы профессор-оқытушылар мен білім алушыларға Абай шығармаларын қытай тіліне аударған Мәжит мырзаны және CCTV -дің деректі фильм жасаушы продюсері Уаң Жы ханымды, сонымен қатар «China Southern airlines» менеджерлерінің бірі Ло мырзаны таныстырып, екі ел арысында бейбітшіліктің рухани елшісі болып жүрген қандасымызға өзінің зор алғысын білдірді. Ал ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Орынтай Ошанова өз сөзінде Қытай елінің ЖОО-ларымен тек ғылыми бағыттағы ынтымақтастық емес, сонымен қатар рухани-мәдени байланыстың нығайып отырғанын баса айтып өтті.
Кездесу барысында қонақтарға студенттер өз сауалдарын қойып, ашық-жарқын әңгіме өрбіді.
Басқа жаңалықтар