ТДМ 5 «Гендерлік теңдік» тақырыбындағы кездесу

2025 жылдың 16 қазанында сағат 15:00–15:50 аралығында 1-курс докторанттары Исақ Ару мен Сабирова Гаухар «ДИЯ» мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын насихаттау, гендерлік мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы әділдік пен өзара құрмет қағидаттарын дәріптеу болды.
Кездесу барысында докторанттар БҰҰ-ның халықаралық бастамалары туралы айтып берді., әйелдердің әлеуметтік және кәсіби өмірдегі рөлін, сондай-ақ тең мүмкіндіктердің қоғам дамуына әсерін талқылады. Қатысушылар гендерлік теңдік тек құқықтық ұғым ғана емес, сонымен қатар рухани және мәдени құндылық екенін атап өтті. Кездесу интерактивті форматта өтті: студенттер өз пікірлерін айтып, өмірден мысалдар келтіріп, қызу пікірталасқа қатысты. Кейбір студенттер әйелдердің ғылым, білім және саясат салаларындағы жетістіктерін ерекше атап өтті.
Шара соңында ұйымдастырушылар жастарды өз құқықтарын білуге, қоғамдағы әділдік пен теңдік қағидаттарын қолдауға шақырды. Мұндай кездесулер жастардың сыни ойлау қабілетін арттырып, азаматтық белсенділігін қалыптастырады.
Басқа жаңалықтар


