ҚазҰУ жастары патриоттық флешмоб өткіздіFarabi University

ҚазҰУ жастары патриоттық флешмоб өткізді

22 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері 25 қазан – Республика күні және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным» жалпыұлттық акциясы аясында «Салауатты жастар – ел болашағы» атты флешмоб ұйымдастырды.

Флешмобта 500-ге жуық жас «Жаса, Қазақстан!» әніне билеп, патриоттық көңіл күймен «Алға, Қазақстан, Қазақстан! Самға, Қазақстан, Қазақстан!» деп бірге шырқады.

Іс-шара жастардың патриоттық сезімін оятып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Қатысушы жастар «Бұл флешмоб – біздің бірлігіміз бен ынтымағымыздың, сондай-ақ елге деген махаббатымыздың көрінісі. Осындай спорттық, қоғамдық шаралар денсаулықты нығайтумен қатар, ел тарихын тереңірек түсінуге және Отанға құрметпен қарауға ықпал етеді», – деп пікір білдірді.

Шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дене тәрбиесі және спорт кафедрасы мен Спорт клубы бірлесе ұйымдастырды. Олар бұл шараның жастардың денсаулығын жақсартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және патриоттық рухты көтеруге зор үлес қосатынын ерекше атап өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі