- Басты бет
- Жаңалықтар
- КАЛГАРИ УНИВЕРСИТЕТІ, ГОНКОНГ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ДЕЛЕГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
КАЛГАРИ УНИВЕРСИТЕТІ, ГОНКОНГ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ДЕЛЕГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
2025 жылдың 11 қазанында Орталық Азиядағы Тұрақты Даму Орталығында Калгари Университеті (Канада) және Гонконг политехникалық университеті (Гонконг) делегацияларының қатысуымен маңызды кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты академиялық әріптестікті нығайту және басым бағыттарды: әлеуметтік жұмыс, тұрақты даму және туризмді дамытуға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды іске қосу мәселелерін талқылау болды. Кездесу барысында тараптар Гонконг политехникалық университетінің Қолданбалы әлеуметтік ғылымдар департаменті мен Қонақ үй бизнесі және туризм саласындағы менеджмент мектебінің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетімен және Философия және саясаттану факультетімен қазіргі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобалары Орталық Азия аумағы бойынша ТДМ 4 (Сапалы білім беру) және ТДМ 9 (Инновациялар және инфрақұрылым) сияқты Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі орталығы болып табылатынын атап өтті.
Гонконг политехникалық университеті тарапынан профессор Хок Бун Ку (Hok Bun Ku)- Орталық Азиядағы Тұрақты Даму Орталығының директоры және доктор Йип Суй Кан (Yip Sui Kan), сондай-ақ Калгари Университетінің әлеуметтік жұмыс департаментінің профессоры Дора М. Й. Там (Dora M. Y. Tam) қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан география ғылымдарының кандидаты, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, Орталық Азиядағы Тұрақты Даму Орталығы директорының орынбасары- Алия Сагындыковна Актымбаева; техника ғылымдарының кандидаты, рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті- Александр Михайлович Артемьев; рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы, Орталық Азиядағы Тұрақты Даму Орталығының әкімшілік ассистенті- Елдар Нұрұлы; әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы, Орталық Азиядағы Тұрақты Даму Орталығының жобалық ассистенті- Аружан Саймасаева қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Гонконг политехникалық университеті арасындағы әріптестікті нығайтудың және одан әрі дамытудың стратегиялық маңыздылығы атап өтілді.

Басқа жаңалықтар