Ұлттық мереке – ұлы күнFarabi University

Ұлттық мереке – ұлы күн

23 қазан, 2025

2025 жылдың 17 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» ББ 3-курс студенттері Республика күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен тәуелсіз мемлекеттің даму кезеңдері, елдің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері туралы пікір алмасты. Талқылау барысында жастар ел болашағы үшін жауапкершілік, азаматтық белсенділік және ұлттық бірлік құндылықтарының маңызын атап өтті.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына: 4-Сапалы білім беру, 16-Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар, 17-Мақсаттарға қол жеткізу үшін серіктестік сәйкес келеді. Осындай шаралар студенттердің отансүйгіштік сезімін арттырып, ел дамуына өз үлесін қосуға ынталандырады.

Эдвайзер: Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.