ТДМ 4 – Сапалы білім аясында «МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!» тақырыбында кураторлық сағат өтті.Farabi University

ТДМ 4 – Сапалы білім аясында «МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

23 қазан, 2025

2025 жылғы 21 қазан күні Қазақстан Республикасының күніне орай биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында куратор-эдвайзері Рысқали Т.Б. Биология  мамандығының 1 курс қазақ оқу тобымен « Менің елім – менің мақтанышым!» тақырыбында кураторлық сағат өтілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты – патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, құрметке тәрбиелеу.

Жалпы біздің әрқайсымыз елімізді сүйіп, оның дамуына үлес қосуымыз қажет. Отанымыздың тарихын, мәдениетін білу, оны құрметтеу – біздің борышымыз.

Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болуын тілейміз.

Студенттер өздерінің кураторының жетекшілігімен бұл іс-шараға үлкен қызығушылықпен және ынтамен белсене қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен дамуы, сондай-ақ елімізде Республика күнін тойлаудың бастауы туралы ақпарат берілді. 

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы